Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Жайсаң, Құрмансай және Сарыжар ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 24 қыркүйекте Мәртөк ауданының Жайсаң, Құрмансай және Сарыжар ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы өтті.

 

Мәртөк аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Мәртөк ауданының Жайсан, Құрмансай және Сарыжар ауылдық округтерінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Жайсаң сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1784 азамат енгізілді, олардың 1017-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 60, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар — 70.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Қаржауов Ж. Т. – 775; Намазбаева Д. Т. – 60; Сақабаев Ш. Ш. — 52.

1981 жылы туған Жандос Төлегенұлы Қаржауов Жайсаң ауылдық округінің әкімі болып сайланды, «Мәртөк ауданы Жайсаң ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы, Мәртөк ауылдық округінің Мәртөк ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну ұсынылды.

 

Құрмансай сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 361 азамат енгізілді, олардың 279-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 9, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар — 6.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Газизов Е.К. – 222; Байман Н. А – 21; Иманиязова Д. Б. – 21.

Құрмансай ауылдық округінің әкімі болып сайланды Ғазизов Елдос Құрманғалиұлы, 1993 жылы туған, «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ бас инспекторы, Мәртөк ауылдық округінің Мәртөк ауылында тұрады, «Ақ жол»партиясы ұсынған.

 

Сарыжар сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2999 азамат енгізілді, олардың 1521-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 40, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар — 10.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Биктемирова М.Т. – 209; Құсжанов Н. Н – 194; Сәрсенбаев Б. У – 1068.

Сарыжар ауылдық округінің әкімі болып Сәрсенбаев Бекболат Өтеуұлы сайланды, 1979 жылы туған, Жайсаң арнайы білім беру ұйымы директорының м.а., Мәртөк ауылдық округінің Мәртөк ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну ұсынылды.

Мәртөк аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 25 қыркүйектегі шешімімен Мәртөк ауданының Жайсан, Құрмансай және Сарыжар ауылдық округтерінің сайланған әкімдерін тіркеді.

 

Мәртөк аудандық сайлау комиссиясы.