Мәртөк ауданының әкімі Алмас САЛЫҚБАЕВТЫҢ Ұстаздар күнімен құттықтауы

Құрметті ұстаздар!

Қадірлі сала ардагерлері!

«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Сіздердің жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі — өнегелеріңіз өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті — жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.

Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.

Қадірменді ұстаздар!

Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін.Отбасыңызға амандық, дендеріңізгесаулықтілеймін!

Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын!