АКЦИЯ ҚР ІІМ

2024 жылдың сәуір айының 22 күнінен бастап Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы аумағында тұрғындарда заңсыз сақталудағы атыс қарулары, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша республикалық акция өткізілетінін хабарлайды.
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 266 бұйрығымен» бекітілген Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру Қағидаларына сәйкес төмендегідей айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы тағайындалады:
1)100 айлық есептік көрсеткіш: ойық ұңғылы автоматтық атыс қаруының әрбір бірлігіне;
2)50 айлық есептік көрсеткіш: ойық, ұзын ұңғылы атыс қаруының әрбір бірлігіне (винтовкалар, карабиндер);
3)40 айлық есептік көрсеткіш: ойық, қысқа ұңғылы атыс қаруының әрбір бірлігіне (пистолеттер, револьверлер);
4)30 айлық есептік көрсеткіш: тегіс ұңғылы атыс қаруының әрбір бірлігіне;
5)10 айлық есептік көрсеткіш: травматикалық пистолеттің немесе револьвердің әрбір бірлігіне;
6)7 айлық есептік көрсеткіш: гранаталардың, миналардың, жарылғыш құрылғылардың және артиллериялық снарядтардың әрбір бірлігіне;
7)6 айлық есептік көрсеткіш: әрбір 1000 грамм жарылғыш заттарға;
8)Айлық есептік көрсеткіштің 1/35 бөлігі: калибрі 5,6 миллиметрден асатын ойық ұңғылы қаруға арналған патрондардың әрбір бірлігіне;
9)Айлық есептік көрсеткіштің 1/115 бөлігі: калибрі 5,6 миллиметр болатын ойық ұңғылы қаруға арналған патрондардың әрбір бірлігіне.
1 АЕК – 3692 теңге
(айлық есептік көрсеткіш)

Заңсыз сақталудағы атыс қаруларды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырған азаматтар, ешқандай әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Егер де тұрғындарда қандай да бір сұрақ туындай қалған жағдайда, Мәртөк аудандық полиция бөлімі жанынан құрылған 8 (71331) 21-0-23 «қауырт» телефон желісіне немесе 8-778-5508535 ұялы телефон номеріне тәуліктің кез-келген уақытында хабарласып, толық ақпарат алуларыңза болады.Ескертпе: тапсырылған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерге сыйақы, қару мен оқ-дәрілердің техникалық жай-күйіне қарап тағайындалады.
Мәртөк аудандық ПБ.