Алдағы жоспарлар мен өзгерістер

2025 жылы елімізде азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ауқымды шаралар жүзеге асырылмақ. Жоспарға сәйкес, 300 мыңнан астам адам осы бағдарламалармен қамтылады. Бұл – халықтың құқықтық білім деңгейін көтеруге және олардың өз құқықтарын қорғау дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды бастама.
Сонымен қатар, цифрлық технологияларды қолдану аясын кеңейту де басты назарда. «Әйтеке» атты жасанды интеллектке негізделген көмекші азаматтарға қарапайым құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріп, қажетті құжаттарды жинау процесін жеңілдетуге көмектеседі. Мұндай инновациялар халықтың құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар, олардың уақыты мен ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Сот өндірісінің автоматтандырылуы да маңызды жаңашылдықтардың бірі болып табылады. Қазіргі таңда 20 АЕК-ке дейінгі айыппұлдар төленбеген жағдайда атқарушылық іс жүргізу автоматты түрде басталады. Ал 2025 жылы бұл шек 40 АЕК-ке дейін ұлғайтылып, азаматтарға қосымша 12,2 миллиард теңгеге дейін үнемдеуге жағдай жасалады. Бұл өзгерістер құқықтық процестердің ашықтығын арттырып, олардың тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Аталған шаралар Қазақстан азаматтарының құқықтық мәдениетін жетілдіруге, заң үстемдігін нығайтуға және халықтың өмірін жеңілдетуге оң әсерін тигізеді.
Шамиль Михайлович Саринов
Мәртөк аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы