Алғыс айтудың артықшылығы

Кұранда Раббымыз мәрһәмат етіп айтады. Енді мені еске алындар, менде сендерді еске аламын жане маған шүкіршілік қылсаңдар да, қарсы болмандар, делінген. Демек біз алғыс айтып шүкіршіл болуымыз үшін мына 3 нәрсені білуіміз керек екен:

Бірінші — халіміз, бул саған игілік берушіге танып білуің.

Екінші – хал, бұл саған игілік берушіге деген сенің ризалығың,

Үшінші әрекет, бұл болса сенің жаратушы бұйырған істерін ықыласпен жасап, оның ризашылығын алуың.

Шариғатымыз шүкір Құл болуды осылай көрсетіп, қалай Раббымыздың ризашылығын алуымызды айқындады. Ғұлама ғалымдарымызда тайға таңба басқандай анықтап беріп отыр, бұл қандай керемет десеңізші, жан рахаттанып көңіл тыныштық табады. Алла Тағала алғыс айту дегенде нені меңзейді. Адам алғыс айтушы болып саналады, қашан ол жақсы істерін Алла қалаған істеріне жұмсағанда ол ісін өзі үшін емес, Алланын жаратқан құлдарына арнаған. Ал ол істерін Алла қаламаған істерге жұмсаса, бұл игіліктерге мән бермей, құрметсіздік қылса, бұл игіліктерді қараусыз қалдырса, жақсылықтын бағасын білмеген. Неге адамдар құрметсіздік қылады Раббысына, ал кейбір адамдар алғысшыл келеді. Бұл айырма Раббының нені жақсы көріп, нені жек көруін білуден шығады. Оларды ажырату үшін екіқұрал керек.

Біріншісі есту арқылы аятпен хадисти, екіншісі Қырағылық арқылы. Алла Тағала бұларды жаратқанда нені Мақсат етті нені ойлады деп ойлау. Мысалы Күн, күндізгі уақытты жарықтандыру үшін, күнді батыру арқылы қараңғылық қылып демалу, тыныштық табуды Мақсат етті. Бұлтты, жанбырдыда жерді жандандыру, жеміс Дәнді дақылдарды пісіріп өндіру үшін, мал, жан-жануарларды жайылту үшін жаратты. Күн, жел, теңіз, тау, өсімдіктер, жан жануалар жәндіктер бір мақсат үшін жаратылған. Не үшін жаратылғанына көз жеткізген адам ғана адамдарды алғыс айтудан не қайтарады. Ізгілікке, алғыс айтудан қайтаратын нарсе, надандық пен мұқиятсыздық. Осының кесірінен сауап істерден адамдар құр қалады, жақсы игілік жасаудың орнына. Ал егер ізгі іс қылу керек екенін білсе де, шүкір сөзін айтып, «Алғыс айту» осы екен деп қалады. Әлі күнге дейін Алланың заттарын, дене мүшеміз, ол бұйырған істерге жұмсамауымыз, сол игіліктерді адамзат игілігіне падаланауымыз, нәпсі мен шайтанға құл болып қалғандаймыз.

Е. Бақытұлы,

Мәртөк ауданының теолог-маманы.