«МЕНІҢ ТУҒАН ӨЛКЕМ»

16 қараша күні аудандық кітапхананың жанынан құрылған «Менің туған өлкем» атты жобаның  ашылу салтанаты өтті. Мақсаты: өз өлкесіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мәдени дәстүрлерді білу, ата-баба жадын құрметтеу, өзінің талантты жерлестеріне деген мақтанышын  арттыру, қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді қалыптастыру, кіші Отан туралы білімі мен түсініктерді тереңдету және кеңейту.

 

Шара жүргізушілері  қатысушыларды Мәртөк ауданының құрылу тарихымен таныстырды, хронологиялық реттілікпен атақты ата-бабалар мен талантты жерлестер туралы әңгімеледі. Атап айтсақ олар  Таніберлі Молдабай, Аққағаз Досжанова, Қамбар Медетов, Рауль Мир-Хайдаров, Марзия Жақсығарина, Өтеген Нұрмағамбетов.

Бектимирова Камила  Камбар Медетовтың  күйін шырқаса, №1 орта мектептің 8-ші «А» сынып оқушылары Ұлы Отан соғысының батыр жерлестеріне арналған театрландырылған әдеби-музыкалық қойылым және экслибрист, гравер, қоғам қайраткері М. Жақсығарина суреттері мен  хореографиялық көрме ұсынды. Сонымен қатар  №2 мектеп — гимназияның 9-шы «А» сынып оқушылары Жарылқасын Аяулым мен Айтқали Айзат  Ө. Нұрмағамбетовтың өлеңдерін оқыды.  Кітапхана  қызмыткерлері Рауль Мир-Хайдаровтың «Орынбор орамалы»  шығармасынан үзінді көрініс койды, оқиға Мәртөк станциясында болған. Іс-шара соңында «белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» вокалдық коллективі туған өлке туралы ән орындады. Көрермендердің ешқайсысы өткізілген іс-шараға бей-жай қарамады, барлығы ризашылық, таңданыс сезімдерін және туған өлке туралы қаншалықты көп танып білгендерін білдірді.

Мәртөк аудандық орталық  кітапхананың  жанынан «Менің туған өлкем» атты жобаның  ашылуына «Ақтөбе облысы бойынша  қазынашылық департаментінің Мәртөк аудандық қазынашылық басқармасы» РММ басшысы Танауова Жанардың пікірі: «Өте керемет ауқымды іс — шара болды. Ауданымыздың тұлғалары туралы олардың  өмірбаянымен шығармашылықтары, жүріп өткен жолдарымен жасаған ерліктері туралы жақсы мағлұматтар алып, рухани кемелденіп қайттық. Әр қазақстандық азамат өзінің туып өскен, кіндік қаны тамған жеріне деген ыстық сезімімі мен махаббаты, сүйіспеншілігін жоғары қою керек».

Байсагизова А.С.