Ата Заң – елдіктің арқауы, бірліктің бастауы

Біз, аға буын өкілдері, егемендігіміздің алғашқы жылдарынан бастап мемлекетіміздің қалыптасу жолын өз көзімізбен көрдік. Сондықтан бүгінгі Жаңа Конституция – бұл тек құқықтық құжат қана емес, бұл біздің тәуелсіздігімізді нығайтудың жаңа деңгейі деп білемін.
Ата Заңға енгізілген өзгерістердің ішінде, әсіресе, жер мен табиғи ресурстардың халыққа тиесілі екендігі туралы тармақтың нақтылануы – ел ішіндегі әділеттілікке деген сенімді арттырды. Бұл – біздің келешек ұрпағымыздың болашағы үшін жасалған ең үлкен қадам. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерінің күшеюі мемлекеттің әрбір адамға деген қамқорлығын көрсетеді.
Біз үшін ең басты құндылық – елдің тыныштығы мен ұрпақтар сабақтастығы. Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның іргетасын бекітіп, қоғамда заң мен тәртіптің үстемдігін орнатады. Мен бұл реформаларды толықтай қолдаймын. Себебі, заңы қуатты елдің – болашағы жарқын. Ынтымағымыз жарасып, Ата Заңымыз ел игілігіне қызмет ете берсін!
Қыдырбаев Шудабай
Мәртөк аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы



