«Ата Заң –тәуелсіздіктің негізі»

Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция 1 шілдеден бастап толықтай қолданысқа енгізілді. Еліміздің саяси-құқықтық жүйесін жаңартқан бұл реформа негізгі 11 тарау мен 96 баптан тұрады.

Жаңа Конституцияда адам құқықтарын қорғау жүйесі түбегейлі жаңартылған.

Қазақстан Республикасы – демократиялық,зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені айтылған. Мемлекеттің ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Ата Заңның жаңасында азаматтардың бостандықтарын халықаралық стандарттарға сай қамтамасыз етуге және сот әділдігіне қолжетімділікті арттыруға басты назар аударылған.

Сонымен қатар мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері, соның ішінде лайықты өмір сүру деңгейі мен денсаулықты қорғау құқықтары ерекшеайқындалған.

Қазақстан Республикасының Конституциясынаенгізілген өзгерістер жайлы Мәртөк аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасында ұжымарасында 2026 жылы 02 шілдеде техникалық оқуөткізіліп, жаңа Конституцияның күшіне енуі бүкіл еліміз үшін маңызды оқиға екендігі айтылды.

Мәртөк аудандық мемлекеттік

қазынашылық басқарма басшысы

Ж.Танауова.