Аудан әкімі Медет Ысқақовтың Алғыс айту күнімен құттықтауы
Құрметті жерлестер!
2016 жылдан бастап Қазақстанда 1 наурыз Алғыс айту күні атап өтіледі.Бұл күні әдеттегі дей бізге көмек қолын созып, қолдау көрсеткен, қуанышсыйлаған барлық жақындарымызға Алғыс айтамыз. Бұл мереке біздің көпұлтты еліміздегі халықтар достығымен келісімінің көрінісі болуға, оның бірлігін бейнелеуге негізделген.
Біздің өзіндік санамызда ынтымақтастық, достық және жақсылық құндылықтары терең тамыр жайған.
Алғыс айту күнінде біз ең қиын кезеңдерде Қазақстан халқының мейірімділік пен достықты ту қыла отырып, бірлік пен берекені қалай сақтағанын еске аламыз.
1 наурыз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Көктемнің алғашқы күні «Алғыс айту күні» Рухани мерекесі еліміздің басты игілігі — халық бірлігін одан әрі сақтауға және көбейтуге ықпал етсін.
Құрметті жерлестер, Сіздерді мерекемен шын жүректен құттықтаймын және баршаңызға игі істер, бірлік, бейбітшілік пен келісім үшін алғыс айтқым келеді! Сізге денсаулық, қуаныш және еңбек қызметінде табыс тілеймін!