Аудан әкімі Медет ЫСҚАҚОВТЫҢ Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күнімен құттықтаулары

Құрметті жерлестер!
Сіздерді мемлекеттік мереке — Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
Бұл күн батырлықтың, батылдық пен патриотизмнің символы болып табылады. Бүгін біз мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын лайықты қамтамасыз ете отырып, өз өмірін қиын әскери қызметке арнағандарды құрметтейміз.
Қазақстан халықаралық дауларды бейбіт жолмен реттеудің және өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың белсенді бастамашысы болып табылады, жаһандық қарусыздану үшін алдыңғы қатарда, әлемдегі антиядролық қозғалысты басқарады.
Қарулы күштердегі қызмет бүгінде әрбір қазақстандықтың құрметті міндеті, аға ұрпақтың батырлық және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген мектебі болды. Жыл сайын Мәртөк ауданында мерзімді қызметін өтеу үшін 100-ден астам жас жігіт шақырылады.
Отанды қорғауды тек кәсібіне ғана емес, өмірлік ұстанымына айналдырған азаматтарды айтулы мерекелерімен құттықтаймын.
Баршаңызға бақыт, табыс, жақсылық тілеймін. Тәуелсіздігіміз нығайып, көк туымыз көкте желбірей берсін!

 

Құрметті жерлестер!
Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке аға буынның бейбітшілік үшін табанды ерік-жігері мен жанқиярлық күресін бейнелейді және барлық ұрпақты біріктіре отырып, халқымыздың жүрегінде ерекше орын алады.
Біз әлемді нацизм қаупінен құтқарған, адамзатқа жарқын және бейбіт болашақ сыйлағандарды әрқашан есімізде сақтаймыз. Олардың есімдері жаумен күресу шежіресінде мәңгілікке алтын әріптермен жазылған.
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 79 жыл болды, бірақ біздің басты міндетіміз — қатары жылдан жылға азайып келе жатқан қымбатты ақсақалдарымызды құрметтеу.
Құрметті еңбек ардагерлері!
Сіздердің батылдығыңыз, табандылығыңыз, еңбекқорлығыңыз, патриотизіміңіз – қазіргі жастар үшін лайықты үлгі. Сіздерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық және мол бақыт тілеймін! Республикамызға одан әрі өркендеу, әр отбасына бейбітшілік пен келісім тілеймін.