Азаматтық жауапкершілік – ел болашағына бастар жол

Ақтөбе облысының мәслихат депутаты Бану Жұбанғалиқызы өз сөзінде: «Бүгін мен азаматтық борышымды орындап, сайлауға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Сайлауға қатысу – әр азаматтың ел болашағына өз үлесін қосуына мүмкіндік беретін маңызды азаматтық жауапкершілік. Әрбір дауыс Қазақстанның игілігіне, бейбітшілігіне, тұрақтылығы мен өркендеуіне бағытталсын», – деп атап өтті.

Оның айтуынша, сайлау – азаматтардың елдің саяси өміріне белсенді араласуының маңызды көрінісі. Әрбір сайлаушы өз таңдауын саналы түрде жасап, мемлекетіміздің одан әрі дамуына үлес қоса алады.

Бұл сайлау 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған жаңа Конституциядан кейінгі алғашқы сайлау ретінде ерекшеленеді. Конституциялық реформаларға сәйкес Қазақстан Парламенттің қос палаталы құрылымынан бас тартып, заң шығару қызметін жүзеге асыратын жаңа бір палаталы орган – Құрылтай жүйесіне көшті.

Осыған байланысты бүгін қазақстандықтар алғаш рет Құрылтай депутаттарын партиялық тізімдер негізінде сайлауға қатысуда.