Бірлігі жарасқан ұйым

24 сәуір күні Жайсаң арнайы білім беру ұйымында 1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Бірлігі жарасқан ұйым» тақырыбында «Екі жұлдыз — 2024» ән байқауы ұйымдастырылды.
Шара мектепте мұғалім, тәрбиеші мен оқушы арасындағы мәдени байланысты нығайту, қабілетті балаларды анықтап, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын ояту мақсатында болды.
Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі шектелмеді және ән жанды дауыста айтылды. Байқауға мектепен 6 жұп өз өнерлерін көрсетті. Әділқазылар алқасы музыканың сапалы деңгейде айтылуы, сахна мәдениеті, киім үлгісі мен сахналау бойынша бағалады. Сайыс қорытындысы бойынша «Көрермендер көзайымы» номинациясымен Ақылбек Аккулов пен Вячеслав Галадий марапатталса, «Жұлдызды жұп» номинациясымен Данияр Каженов пен Әйгерім Тажманова марапатталды. Жүлделі III орынға Мира Сагизбаева мен Дулат Бақытқали ие болса, II орынға Светлана Андрусенко мен Даниал Айтчанов ие болып, көрерменнің қошеметіне бөленді. Ал, I орынға Нургул Блинова мен Дулат Бақытқали жайғасты. Бас жүлдені, яғни «Екі жұлдыз — 2024» номинациясын Абдулина Мураткалиева мен Кристина Кулишова жеңіп алып, жеңістің ең биік сатысынан көрінді.
Байқау қатысушылардың орындауындағы фестивальдың символына айналған «Екі жұлдыз» әнімен қорытындыланды.