Cу добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында жеңіске жетті

Бүгін Қытайдың Чжаоцин қаласында ерлер мен әйелдер арасында ватерполдан Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әйелдер арасында 6 құрама – Қазақстан, Қытай, Жапония, Сингапур, Өзбекстан, Гонконг айналма жүйе бойынша кім мықтыны анықтайды.

Ұлттық құрама бірінші матчта 12-6 есебімен Сингапурды жеңді.

Голдар:

2 голдан – Каплун, Рахманова, Новикова, Руднева, Миршина

1 голдан – Глухова, Набиева

Ерлер арасындағы турнирге 9 команда қатысады. Олар 2 кіші топқа бөлінген. Қазақстан өз тобында Қытай, Сингапур және Гонконгпен ойнайды.

Бүгін бірінші матчта біздің спортшылар жарыс қожайынымен кездеседі.

Айта кетейік, бәсеке финалистері шілдеде Сингапурда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.