РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Қаңтардың 4 мен 5 күндері Алматы қаласында XX — Республикалық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы фестиваль-байқауы өтті.

 

«Ақ көгершін» фестиваль-байқауы көптеген жас таланттың бағын жаққан алаң. Байқауға Қазақстанның барлық өңірінен дарынды балалар қатысты. Екі күн бойы олар домбыра, қобыз, вокал, шертер, флейта, бейнелеу өнері, дәстүрлі ән секілді номицияларға қатысып, бақ сынады.

Аталған байқауға ауданымыздың Қ.Медетов атындағы балалар өнер мектебі бәйгеге қосқан 24 өнерпазы әділқазы алқасының жоғары бағасына ие болып, 26 жүлделі орындарды қанжығасына байлап қайтты. Оның ішінде 11 лауреат, 15 дипломант атағын иеленді.

Мәселен, «Бас жүлде» — «Домбырашылар ансамблі» жетекшісі А.Табынчаев, «Бас жүлде» — Камила Биктемирова домбыра аспабы, жетекшісі А.Бекбусинова.

І дәрежелі лауреаттар — Жаннұр Жұмабай қобыз аспабы, жетекшісі Ж.Ильясова; Адель Мукашева, Балнұр Бадиканова бейнелеу өнері, жетекшісі А.Абдакиев.

ІІ дәрежелі лауреаттар — Бауыржан Жұмабеков дәстүрлі ән класы, жетекшісі А.Алпысбаева; Ақерке Жұмабай, Сырым Лабақбай, Бейбарыс Қаржаубаев домбыра класы, жетекшісі А.Бекбусинова; Асемай Базарбаева вокал класы, жетекшісі Н.Башанова;

ІІІ дәрежелі лауреат — Бибісара Ғалымжанқызы вокал класы, жетекшісі Н.Башанова;

Сонымен қатар, І дәрежелі дипломанттар: Аружан Убайдуллаева, Ақбота Мұқанова домбыра аспабы, жетекшісі А.Бекбусинова, Аяна Рахманова, Аякөз Оралбаева, Нұрасыл Ермеков домбыра аспабы, жетекшісі Қ.Жуманиязова, Айзере Қажымұқан, Назерке Сагиданова, Жаннұр Тоқтабай вокал класы, жетекшісі Н.Башанова, Нұржан Исакулов вокал класы, жетекшісі А.Туретаев, Бауыржан Жұмабеков шертер класы, жетекшісі З.Килибаева, Інжу Ердаулетова вокал класы, жетекшісі А.Сакауова, Нұразиз Мәуеладинов, Ержан Орынбай, Ибрахим Қалибек, Қарақат Ердаулет вокал класы Г.Дюсембина.

Байқауда топ жарған талантты балаларды және өнерге баулыған жетекшілерін жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!