Ел болашағы – білімді ұрпақта

 

Мәртөк аудандық мәслихаты депутаттығына №7 бірмандатты сайлау округі бойынша «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидат Нұргүл Оспанова Қаратоғай ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында кандидат тұрғындарға өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі басымдықтар мен алдағы жоспарлары туралы баяндады. Атап айтқанда, ауылішілік инфрақұрылымды дамыту, жолдардың жағдайын жақсарту, абаттандыру, әлеуметтік мәселелерді шешу және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағыттарына тоқталды.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелерін тыңдап, оларды шешу жолдары жөнінде пікір алмасты. Кандидат халықпен тұрақты байланыс орнату, сайлаушылардың талап-тілектерін назарда ұстау және көтерілген мәселелердің оң шешім табуына ықпал ету өзінің негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өтті.