ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚУАНЫШТЫ СӘТ

Мәртөк аудандық мәдениет үйінде өткен шараға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Хасенұлы қатысып, аяз атаны тағатсыздана күткен бүлдіршіндерді жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Балалар жаңа жылдық шараның басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақарды өз өнерлерімен тамсандырып, сыйлық алды. Мерекелік кеш соңында бүлдіршіндерге арналған арнайы сыйлықтар табысталды.