Үздік жастар Анықталды

Аудан әкімдігінің қолдауымен, жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Аудан жастар сыйлығы — 2023» үздік жастарды марапаттау рәсімі өткізілді.

 

Шара барысында аудан әкімі Медет Жұмабайұлы белсенді жастармен еркін тақырыпта пікірлесіп, ұсыныстарын тыңдады.

Жастар тарапынан аудан басшысына спорт, мәдениет және ауылды көркейту бойынша ұсыныстар айтылды.

Шара соңында ауданның үздік жастары арнайы номинациялар бойынша марапатталып, қонақтарға арналған мерекелік дастархан жайылды.

Жастар сыйлығы жыл сайын тұрақты түрде әр салада білікті еңбек етіп жүрген, дарынды жастарды қолдау мақсатында арнайы комиссияның шешімі бойынша табысталады.

Жыл үздіктері атанған жастар: «Үздік жас мемлекеттік қызметкер»

Ренат Битимов, «Үздік жас ұстаз» Айдана Дузбасова, «Үздік жас полиция қызметкері» Қарлығаш Берқалы, «Үздік жас спортшы»

Бауыржан Полатов пен Қуанар Таңатаров, «Үздік шығармашыл жас»

Жаңажол Мұқанов, «Жас денсаулық сақтау саласы қызметкері»

Сундетбек Алиханов, «Үздік волонтерлық топ»

Аққайың ЖОББМ-нің «Аққайың еріктілері» тобы, «Үздік топ жетекші»

Абылайхан Айдарбек, «Үздік жас мәдениет қызметкері»

Гүлсезім Төлегенова, «Үздік белсенді жас» Нұрасыл Даулетбаев.

Барлық жеңімпаздарға аудан әкімінің дипломы және арнайы естелік сыйлық табыс етілді.

Номинация иегерлерін жеңістерімен құттықтаған аудан басшысы жастар – еліміздің болашағы екенін атап өтіп, ел мүддесі үшін еңбек ету әркімнің міндеті екенін айтты.

Түрлі салада ерекше еңбегімен дараланған үздіктерді жастарды марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз.