Ересектер демалып, балалар шаттанар орын

«Берсең балаға бер» деген түсінік бар. Ауданымыз осыны берік ұстанып, әр кезде балалардың қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, мейрамдарда шаттық  сыйлап, олар ойнайтын ойын алаңдарын да түрлендіруде.

Осындай игі бастамалардың бірі Тәңірберген ауылдық округінің Кеңсахара ауылында қолға алынуда. Округ әкімі Медет Бекжановтың айтуынша, ескі балалар ойын алаңын қайта жөндеп, дамытпақ. Оның ішін балаларға арналған ойын құралдарымен жабдықтап, халыққа тынымбақ, келесі жылы дала сахнасын салу жоспарлануда.