Тоғанның тозығы жөнделді

Саржансайда кезінде ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында салынған қолдан жасалған су қоймасы (тоған) ескіргендіктен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тәңірберген ауылдық округінің әкімдігі техникамен қамтамасыз етіп, жаз мезгіліндегі ауыл шаруашылығы малдарын суаруды қамтамасыз етуге қолдау білдірді.