Гендерлік теңдік — тұрақтылық тірегі

Қоғамдағы гендерлік саясатты іске асыру — мемлекеттік саясаттың маңызды бағытына айналып отыр. Әйел азаматтардың құқықтарын қорғау, зорлық-зомбылық оқиғаларының алдын алу күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселелердің бірі.
Бүгінде отбасылық өмірмен қатар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлестерін қосып жүрген нәзік жандылар аз емес.
Өз кезегінде облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия әйелдердің құқығы мен мүдделерін қорғау, ана мен бала құқығының бұзылуына жол бермеуге бағытталған шаралардың заңнама талаптарына сәйкес орындалуын назарда ұстауда.
Сонымен бірге, гендерлік саясатты жүзеге асыруда АКБ «Ақтөбе облысы Кәсіподақтар Орталығының» жанында еңбекші әйелдер жөніндегі Комиссия жұмыс жасайды. Комиссия өз тарапынан еңбек ұжымдарында ұжымдық шарттар аясында әйелдердің отбасындағы міндеттерін жұмыс орнымен ұштастыруды үйлестіру және басқа да әлеуметтік кепілдемелердің кеңеюіне ықпал етуде.
Мемлекеттік органдар, саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдар әйелдердің аналар мен балалардың жағдайын жақсарту мақсатында өзара тығыз жұмыс істеуі керек. Әйелдер үшін жасалған лайықты еңбек құқы мен әлеуметтік кепілдіктер мемлекеттің әл-ауқатының көрсеткіші деп түсінген дұрыс.

Мұхтарита Сағындықова, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе ОФ төрағасы, АКБ «Кәсіподақтар орталығы» жанындағы еңбекші әйелдер ісі жөніндегі Комиссия төрағасы