Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік акциясы

🔸 Биыл гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік акциясы аясында «Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай: әйелге қарсы зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік» атты ұранмен аталып өтеді.

🔸 Осыған орай Мәртөк аудандық кітапханасының Коворкинг орталығында Мәртөк аудандық кітапханасының қызметкерлері, Мәртөк аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы А.Ж.Абдакиев, Мәртөк ауданы қорғаныс бөлімінің орынбасары лейтенант О.Б.Наурзалин және қызметкерлері, Мәртөк ауданы ПБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспектор полиция аға лейтенанты Қ.Ж.Берқалы, , №4 ЖОББМ-нің АӘД пәнінің мұғалімі А.Қ.Шудабаев және Чернобыль апатын жоюшылар Г.А.Сторожев пен А.Р.Курмаевтың қатысуымен шара өтті.

🔸 Шара барысында гендерлік зорлық-зомбылық – бұл әйелдер мен қыздарға қатысты орын алатын ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың бірі және ол әлем бойынша миллиондаған адамның құқықтарын бұза отырып, олардың денсаулығына, өмір сүру сапасына, тіпті өміріне қауіп төндіретіні туралы толық ақпарат берілді.