ХАБАРЛАНДЫРУ!

Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша қысқа мерзімді гранттар байқауына қатысуға Үкіметтік емес ұйымдарды шақырамыз.
Грант саны: 4
Грант мөлшері: 5-тен 8 миллион теңгеге дейін
Біз келесі бағыттар бойынша жобаларды жүзеге асыруға дайын ҮЕҰ іздейміз:
1. Ақтөбе облысында қоғамдық қатынастар саласында медиаторлық қызметті дамыту;
2. Отбасылық құндылықтарды насихаттау, гендерлік теңдікті дамыту бойынша іс-шаралар өткізу;
3. Ақтөбе облысының Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыру;
4. Облыстағы азаматтық бастамаларды қолдау және дамыту.
Қысқа мерзімді грантты жүзеге асыру және қаржыландыру бір жылға есептелген.
Өтініштерді қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 4 наурызынан 28 наурызы сағат 18:30-ға дейін 15 жұмыс күні ішінде (Астана уақытымен).
Қатысу үшін тек Деректер базасында тіркелген ҮЕҰ ғана өтініш бере алады.
Байқау туралы толық ақпарат және жобаларға қойылатын талаптарды біздің https://cisc.kz/ сайтынан таба аласыздар: «Гранттар» бөлімі => «Гранттар туралы хабарландырулар».
Кеңес алу үшін:
Өтініштерді қабылдау мәселелері бойынша: +7 (7172) 79 04 31
Электрондық пошта: uvp-aktobe25@cisc.kz