Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентке мемлекеттік сапармен барды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Шығыс» әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді.

Фото: Kazinform
Мемлекет басшысын Президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Фото: Ақорда
Осыған дейін Мемлекет басшысының 14-15 қараша күндері Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен баратыны туралы жаздық.

Фото: Ақорда