Қазағымның құдіретті киіз үйі
12 қараша күні «Дастан-2016» ЖШС «Нұрсәт» бөбек-жайында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Қазағымның құдіретті киіз үйі» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты балаларға ұлттық құндылықтарымызды үйрету, жіп иіру, киіз басуға үйретіп, қызығушылықтарын арттыру, ою-өрнектерді таныстыру. Сонымен қатар, балалардың ой-өрісін жетілдіру, киінгі ұрпаққа жеткізіп, шап-шаңдыққа үйрету.
Тәлімі мол шараға «Нұрсәт» балабақшасы бүлдіршіндерінің аяулы әжелері: Онта Молдашева, Талшын Абдимуратова және Джамиля Мусабековалар белсене қатысты.
Шара барысында әжелерімізбен жиналып жеті киіз үй жасадық. Ақжаулықты әжелеріміз ұршықпен жіп иіруді үйретті. Кейін балалар екіге бөлініп арқан тартысып ойнады.
Ертеден жеті деген сан киелі болған жеті нан жеті түрлі жамандықтан қорғайды екен. Ата-әжелерімізде ертеде киіз үйде жасаған екен, ол кезде шаруашылықпен айналысып көшіп-қонып жүрген, көшіп-қонғанда кем дегенде жеті киіз үй тігілген. Киіз үй — ежелгі көшпелі өмір сүрген адамдардың жылжымайтын негізгі баспанасы. Ол тез жылып, шапшаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықталып жасалады. Киіз үйдің пайда болған уақыты қола дәуіріне тура келеді. Киіз үй біздің заманымыздан бұрын VII ғасырда кеңінен пайдаланылып, киіз басу белгілі бір кәсіпке айналған. Киіз үйдің қабырғасы шеңбер тәрізді келіп, төбесі күмбезделген. Қазан төңкерісіне дейін қазақтардың көшпелі өмір салтын ұстанғаны белгілі. Көшпелі өмірге ыңғайлы болғандықтан киіз үйді пайдаланған.
Самал Калышева,
ЖШС «Нұрсәт» бөбек — жайының меңгерушісі.