ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Төтенше жағдайлар саласы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қауіпті қызмет кез келген тосын жағдайдың алдын алып, зардабын жоюға үлкен күш жұмсайды. Апатқа ұшырағандарды құтқарып, алғашқы медициналық жәрдем көрсетеді. Сол үшін де құтқарушылар қажетті құрал-жабдықтармен барынша жарақтандырылуы тиіс. Құтқарушылар төтенше жағдайларды жою жұмыстарына қатысуға дайын болу үшін арнайы, медициналық, психологиялық әзірлігін, авариялық-құтқару құрылымдарының құрамындағы қызмет дағдыларын үнемі жетілдіріп отырады. Құтқарушылардың жұмысы өз өміріне қауіпті болып келеді. Дегенмен олардың алға қойған басты міндеті – халықтың тыныш өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу. Мамандыққа адалдық таныту, ерлікке және кез-келген сынаққа дайын болу – төтенше жағдай қызметі мамандарына қойылатын басты талап.
Төтенше жағдайға сақадай сай құтқарушы қызметтердің номерлері:

Өрт сөндірушілер 101;

Полиция 102;

Медициналық жедел жәрдем 103;

Газдың апаттық қызметі 104;

Терроризмге қарсы қызметтің тікелей арнасы 110.

Құрметті құтқарушы әріптестер сіздерге төтенше жағдайлар кезінде, күнделікті сын сәтті үлкен жауапкершілікпен атқарып жүрген қызметтеріңізге адалдық, абырой, толағай табыс, кезекшіліктен отбасыңызға аман — есен оралып, бақытты ұзақ өмір сүрулеріңізге тілектеспіз!
Қазақ Елі аман, жігіттің үш жұрты тыныш болсын!

 

Нұрлан ЕСЕНҒАЗЫ,

Ақтөбе қаласы, дәрігер, ұстаз.