Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы — ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды қадам

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы — ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды қадам. Ол мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, билік тармақтарының теңгерімін күшейтуге бағытталған. Ата Заңдағы жаңартулар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды бірінші орынға қоя отырып, әділетті әрі ашық басқару қағидаттарын бекітеді.

Жаңа Конституцияның басты құндылығы — адам капиталына басымдық беру. Әр азаматтың қадір-қасиеті, заң алдындағы теңдігі және пікір айту еркіндігі нақты тетіктермен қамтамасыз етіледі. Бұл өзгерістер әлеуметтік әділдікті күшейтіп, қоғамдағы диалог мәдениетін дамытуға жол ашады.

Сондай-ақ, конституциялық реформалар жауапты және есеп беретін мемлекеттік басқаруды қалыптастыруды көздейді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлін арттыру, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту — экономикалық тұрақтылық пен инвестициялық сенімділікке берік негіз қалайды. Мұның бәрі елдің ұзақ мерзімді өркендеуіне қызмет етеді.

Жаңа Конституцияны қолдау — болашаққа жасалған саналы таңдау. Бұл таңдау заң үстемдігіне, әділдікке және бірлікке сүйенген Қазақстанды құруға мүмкіндік береді. Әрқайсымыз осы ортақ мақсатқа үлес қосып, жаңарған Ата Заңды өмірде жүзеге асыруға атсалысайық.

 

Айткалиев Рашид