Қазақстан үшін Конституция – мемлекеттіліктің мызғымас тірегі

Қазақстан үшін Конституция – мемлекеттіліктің мызғымас тірегі, тәуелсіздіктің символы әрі құқықтық жүйенің негізгі іргетасы. Ол еліміздің даму бағытын айқындап қана қоймай, мемлекет пен қоғам арасындағы жауапкершіліктің теңгерімін бекітеді. Қабылданған өзгерістер мен толықтырулар заманауи талаптарға сай келіп, мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіруге және билік тармақтарының өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталды.
Ата Заңда адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат құндылық ретінде белгіленген. Бұл ұстаным әр азаматтың заң алдындағы теңдігін нығайтып, әділдік пен тұрақтылықтың сақталуына негіз болады. Сонымен бірге, халықтың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігі кеңейіп, демократиялық қағидаттардың жүзеге асуына жаңа серпін берілді.
Жаңартылған Конституция қоғамдағы әлеуметтік және саяси өзгерістерге бейімделіп, ашықтық пен есептілікті арттыруға жол ашады. Бұл өз кезегінде халық сенімін күшейтіп, мемлекеттің тұрақты әрі үйлесімді дамуына ықпал етеді.
Қорыта айтқанда, жаңартылған Конституция – ел болашағын баянды ететін, құқықтық мемлекет қағидаттарын орнықтыратын және әр азаматтың мүддесін қорғауға бағытталған стратегиялық маңызы зор құжат.
Амантай Бекарыс




