Қазақстанға ұран емес, тиімді басқару қажет – саясаттанушы

Оның айтуынша, партияның негізгі мақсаты – адами капиталды дамыту және қоғам мүддесіне жұмыс істейтін экономика қалыптастыру.
– Экономика бүкіл қоғамның игілігіне қызмет етуі тиіс. Мемлекет қолдауға мұқтаж азаматтарға көмектесіп, сонымен бірге еңбекқорлық пен жауапкершілік мәдениетін нығайтуы қажет, – деді саясаттанушы.

Шибутов кемсітушіліктің кез келген түріне жол бермеу, азаматтардың шығу тегіне немесе өзге де белгілеріне қарамай тең қарау маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ ол қоғамдық тұрақтылық пен құқықтық мәдениеттің маңызына да тоқталды.
– Қоғамда анархияға, құқықтық нигилизмге және араздықты қоздыруға жол берілмеуі тиіс. Ел заң мен тәртіпке, өзара құрмет пен азаматтық келісімге сүйеніп дамуы керек, – деді ол.
Саясаттанушы партия идеологиясының негізгі қағидаттарын да атап өтті:
• қоғамның бірлесіп дамуын көздейтін ынтымақтастық;
• популизмнің орнына идеялар мен құндылықтардың басымдығы;
• білімге, еңбекке және жетістіктерге байланысты болатын меритократия;
• азаматтардың қоғамдық және саяси өмірге қатысуына мүмкіндік беретін желілік ұйымдық құрылым.

Оның айтуынша, партия бағдарламасы «жауапты, заманауи Қазақстанды» қалыптастыруға бағытталған. Мұнда басты құндылықтар – ашық саясат, тиімді басқару және азаматтық белсенділік.
– Әділетті Қазақстан – билік қоғам алдында есеп беретін, экономика ел дамуына қызмет ететін, ал азаматтар өз болашағына жауапкершілікпен қарайтын мемлекет, – деді Марат Шибутов.
Айта кетейік, «Әділет» партиясының төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды.




