Кітаптың тұсау кесері өтті

Аққайың ауылдық кітапханасында «Әдебиет өлкетану» бағытында «Ел ардақтылары – фермерлер» атты кітаптың тұсау кесері өтті. Аталған кітапта еліміздің агроөнеркәсіп саласында абыройлы еңбек етіп жүрген белгілі фермерлердің өмірбаяны топтастырылған. Біздің жерлестеріміз фермерлер де кітапқа енгені қуантады. Осы ретте Қарашай ауылдық округіне қарасты «Дина» шаруа қожалығын басқарып отырған фермер және аудандық мәслихатының депутаты Зәкір Құрманаевпен кездесу өтті. Іс-шараға Қарашай ауылдық округінің әкімі Рустем Ерімбетов және мектеп оқушылары қатысты. Кездесудің мақсаты: Тұлғаның өз туған өлкесін танып білуін дамыту. Туған жерін, елін сүйюге, туған өлкесі туралы мақтанышпен айта білуге тәрбиелеу.
Шара барысында Қаратаусай ауылдық кітапхананың кітапханашысы Т.В. Подпругина жоба авторы Кенжебек Тұманбайұлының өмірбаянымен таныстырып шығармашылығына тоқталды. Аққайың ауылдық кітапхананың кітапханашысы Г.О.Аскарова кейіпкердің өмірі мен еңбегі туралы оқырмандарға толық мәлімет берді. Шара барысында мектеп оқушылары Зәкір Құрманаевқа көптеген сұрақтар қойды. Ал жауапты фермер және аудандық мәслихатының депутаты ретінде берді.