Облыстық байқаудың аудандық кезеңі

Аудандық балалар кітапханасында жылдағы дәстүрмен халық ақыны, айтыскер жырау Нұрпейіс Байғаниннің шығармаларына арналған «Нұрпейіс атты дауыл — жыр!» облыстық байқаудың аудандық кезеңі өткізілді.
Сайыс «Байғанин оқулары» және «Байғанин шығармасына иллюстрация» екі номинация бойынша өтті. Байқауға аудандық және ауылдық кітапханалардың оқырмандары қатысты. Олар Н.Байғаниннің және жергілікті ақынның екі шығармасын оқып, ақын шығармасынан алған әсерлерін иллюстрация арқылы қағаз бетіне түсірді.
Әділқазылар алқасында зейнеткер ұстаз Нұрзада Мұқанова, «Қазақ аналары дәстүрге жол» жобасының төрайымы Шара Бекназарова және аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Адайбек Абдакиев болды.
Байқау нәтижесінде «Байғанин оқулары» номинациясы бойынша 1 орынды — № ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы — Мерей Есімова, 2 орынды — Хлебодар ЖОББМ-нің 6 сынып оқушысы — Бибіфатима Әдел, 3 орынды — Достық негізгі мектебінің 7 сынып оқушысы — Индира Байжанова иеленді. Ал, «Байғанин шығармасына иллюстрация» номинациясы бойынша 1 орын — №1 ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы — Кристина Махиборода, 2 орын — №4 ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы — Асель Джолдасбаева және 3 орын — Жайсаң ЖОББМ-нің 7 сынып оқушысы — Гүлжанат Умарова ие болды.
Жеңімпаздарға диплом мен сыйлықтар, белсенді қатысқан оқушыларға Алғыс хаттар табысталды.