Көгілдір отын келді ауылға
2024 жылы ауылымызға газ бен су келіп, үлкен қуанышқа бөленіп отырмыз. Бұл өзгерістер ауылымыздың тұрғындары үшін нағыз мереке. Бүкіл халық риза, өйткені бұрындары су мен газдың болмауы көптеген қиындықтар туғызатын. Енді, міне, бұл мәселе шешіліп, күнделікті өміріміз айтарлықтай жеңілдеді.
Мемлекет өзінің азаматтарының қажеттіліктеріне назар аударып, олардың тұрмысын жақсартуға бағытталған жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырып отырғаны өте маңызды. Бұл тек қана экономикалық өрлеуді қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар халықтың денсаулығы, білім алуы және әл-ауқатының артуына да ықпал етеді.
Елдің болашағы да осындай жобалар арқылы қалыптасады. Өйткені, әрбір ауылға, әрбір тұрғынға жасалған қамқорлық – елдің дамуының кепілі. Ал халықтың көңіл күйі мен риза болуы да мемлекеттің өз міндетін адал атқарып отырғанының айқын белгісі.
Мендыбекова Бибигуль
Жаңажол ауылының тұрғыны, ауылдық клуб меңгерушісі