Құрбан айт – Жаратқанға жақындау мен қайырымдылықтың мерекесі

Қадірлі отандастар және ақтөбеліктер!

Күллі мұсылман қауымының ұлық мерекесіҚұрбан айт мейрамымен баршаңызды шынжүректен құттықтаймын!

Бұл мереке мейірім мен шапағаттың, ізгілік пенжомарттықтың қазығы ретінде қоғамның рухани-адамгершілік негізін нығайтуға ықпал етеді.

Айт – ағайынның ауызбіршілігін арттыра түсетін, мұсылман қауымын имандылыққа ұйытып, барша адамды қанағат пен тәубеге шақыратын  мейрам.

Құрбан айтта орындалатын ең қайырлы амал –  шынайы ықыласпен Алла разылығы үшін құрбан шалу. Айт күні жағдайы бар кісілер құрбан шалып, оны қараусыз қалған қариялар мен жетімдерге, көпбалалы отбасыларға таратып, сауап алады.  Өйткені, Құрбан айтЖаратқанға жақындау менқайырымдылықтың мерекесі.

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсежүректеріңізге ұялағантақуалықтарың (шынайы ниеттеріңХаж» сүресі, 37-аят), – деп адал ниеттің маңыздылығын атапөткен.

Дұға-тілектеріміз бен ізгі амалдарымыз жәнешалған құрбандықтарымыз, қасиетті Меккеқаласында қажылығын өтеп, еліміздің игілігі үшіндұға жасап жатқан ата-әжелеріміз бенбауырларымыздың тілегі қабыл болғай! Елімізгетыныштық, отбасыларыңызға амандық, зорденсаулық тілеймін! Құрбан айт жүректеріңізгежарқын үміт ұялатып, ертеңгі күнге дегенсенімдеріңізді нығайта түссін! Айт құтты болсын!

Амантай САДИЕВ

Ақтөбе облысының Бас имамы