ҚҰТЫРМА – АДАМДАР ҮШІН ҚАУІПТІ!
Құтырма – табиғи-ошақты аса қауіпті, өлімге әкелетін ауру. Табиғи резервуар – кеміргіштер. Үй жануарлары ауру жабайы жануарлармен байланыста болғаннан кейін құтырманы жұқтырады.
Инфекцияның тасымалдаушысы тек үй жануарлары мен ауылшаруашылық жануарлары ғана емес, жарқанаттар да болуы мүмкін. Жабайы жануарлардың ішінде қасқырлар, түлкілер, қорқау қасқырлар, енот тәрізді иттер, сасықиістілер, жарқанаттар мен кеміргіштер, үй жануарларының ішінде иттер мен мысықтар – инфекция көзі болып табылатын негізгі жануарлар.
Адамдардың құтырманы жұқтыруы негізінен ауру жануарлардың тістеуі мен сілекейлеуінен болады. Вирус сілекеймен жараға еніп, жүйке жолдары арқылы қозғалады және орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Инфекция жұқтыру уақытынан бастап аурудың белгілері пайда болғанға дейін мерзім бірнеше күннен бір жылға дейін созылуы мүмкін. Жануарлар тістеген барлық адамдар тістеген жерді дереу сабынмен және сумен 15-20 минут (кем дегенде) бойы жууы керек, жараның шеттерін 70% спиртпен немесе 5% йод тұнбасымен өңдеп, құтыруға қарсы иммундау тегін жүргізілетін медициналық мекемеге мүмкіндігінше ертерек жүгінуі қажет. Қолданыстағы қағидаларға сәйкес иттерді байлауда, питомникте немесе қоршауда ұстау керек, серуендеуге қарғыбаумен шығару керек. Үй жануарларының қаңғыбас иттермен және инфекция көзі болуы мүмкін жабайы жануарлармен байланысына жол бермеу керек. Барлық иттер құтыруға қарсы егуге жатады.
Құтырмаға қарсы ем жоқ. Ауруды тек вакцинация арқылы болдырмауға болады! Профилактикалық егулер ауыртпалықсыз және жеңіл түрде өтеді. Вакцинация кезеңінде ақуыздар мен дәрумендерге бай күшейтілген тамақтану ұсынылады, суыққа тоңудан, қызып кетуден, дененің шамадан тыс шаршауынан, сонымен қатар алкогольді ішімдіктерден аулақ болу керек. Екпелердің тиімділігі олардың уақтылығына байланысты. Әрбір өткізіп алған күн – өлім қаупін тудырады! Сақ болыңыздар!
Мәртөк аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау басқармасы.