«Ұлттық валютаға – 30 жыл»

Ұлттық валюта — теңге күніне орай, Мәртөк аудандық тарихи — өлкетану музейінің кіші ғылыми қызметкері Г.Н. Жаксыгарина және қор сақтаушы С.У. Уразымбетова №2 Мәртөк мектеп-гимназиясында және №3 Мәртөк орта мектебінде «Ұлттық валютаға – 30 жыл» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: Оқушыларды тәуелсіз еліміздің айрықша белгісі теңгемен таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихы, дизайны және айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру. Теңгенің Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы екендігін түсіндіру.

Сондай-ақ, Теңге туралы қызықты мәліметтер және видеоролик ұсынылды. Көрмеге 1993 жылы шыққан алғашқы Қазақстандық валюталар және қазіргі қолданыстағы 10000, 5000,2000,1000.500 теңгелермен қатар, Ресей патшалығы кезіндегі мыстан жасалған 1846 жылғы рубль, 1860 жылғы 2 копеек, 1872 жылғы 5 копеек монеталары, Кеңес заманы кезіндегі червонец ақшалары,1961 және 1991жылғы рубльдер көрмеге қойылды.