Maqsut Narikbayev University Студенттік Ассамблеясы жаңа Конституцияны қолдайды

13 ақпанда Maqsut Narikbayev Universityқабырғасында «Әділетті және прогрессивтіҚазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері мен оқуорны базасында құрылған СтуденттерАссамблеясы мүшелерінің кездесуі өтті.
Кездесуге қатысушылардың алдында«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев сөз сөйледі. Ол Конституция халықтың түпкілікті мүдделерінің көрінісі екенін, ал жүргізіліп жатқан ауқымды реформалардыңқоғамның барлық мүшелері үшін, әсіресе, жастарүшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті.
Сонымен қатар, спикер «Ассамблея жастары»ұйымы Конституция жобасын кеңіненқолдайтынына назар аударды, себебі Конституциятабысты мемлекеттің іргетасы, онда адамныңөмірі негізгі құндылық болғандықтан, Қазақстанжастары үшін бұл үлкен мүмкіндіктерге жолашады.
Кездесуге қатысушылардың алдындаелордалық өзбек этномәдени бірлестігініңтөрағасы Шерзод Пулатов сөз сөйледі. Олмәдениет, ғылым және білім құндылықтарыныңмаңыздылығына тоқталды, бұл қағидаттардыңбасымдығы адами капиталды дамытудың жаңакезеңі екенін, сондай-ақ жас таланттардықолдаудың маңызды шаралары туралы айтыпберді.
Іс-шара барысында қатысушылар жаңаКонституцияға қолдау білдіріп, құжаттың қазіргіжәне болашақ ұрпақтың сенімді дамуына негізболатынын түсіну жастар үшін маңызды екенінатап өтті. Басқа университеттерде де осындайкездесулер өткізудің өзектілігі және жастарқауымдастығына жаңа Конституцияның негізгіережелерін одан әрі түсіндірудің маңызы атапөтілді.
Іс-шараға Астана қаласының жоғары оқуорындарының студенттік ассамблеяларыныңөкілдері, этномәдени бірлестіктердің жастарыжәне сарапшылар қауымдастығының өкілдеріқатысты.




