МӘРТӨК АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

Хазрет ауылдық округ әкімінің сайлау қорытындылары туралы
2024 жылғы 7 сәуірде Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Хазрет ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиясының Мәртөк ауданының Хазрет ауылдық округі әкімінің сайлауының нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қорытындысын шығарды:

Хазрет сайлау округі
Хазрет ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 278азамат енгізілді, олардың 213дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны — 2,«Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны-4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:Жарболов Р.Б.-171, Кенжебаев Б.Н.-17, Нурбердиев О.Д.-19.
Жарболов Рустам Болатұлы, 1995 жылы дүниеге келген, «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы, Хазрет ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясы