МӘРТӨК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АЛМАС САЛЫҚБАЕВТЫҢ Республика күнімен құттықтауы

Құрметті Мәртөк ауданының тұрғындары мен қонақтары!

 

25 қазан- біздің еліміз үшін маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл — ел тәуелсіздігінің алғашқы қадамы болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 25 қазан — Республика күні болып күнтізбеге ұлттық мереке ретінде қайта енгізілгені баршамызға мәлім.

Мемлекет басшысының «Біз үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі  бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлемде  Қазақстанымыз бізден басқа  ешкімге керек емес. Сондықтан, маған  елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан  ешбір құндылық жоқ», — деген сөзі әрқайсымыздың жадымызда жатталып тұр.

Қазіргі шақта Жаңа, Әділетті Қазақстанды құрудың маңызды қадамдары жасалуда. Еліміздің құрылымдық жүйесінде, саяси-экономикалық бағытында жаңғыртулар қолға алынды. Халық жаңа қоғам қалыптастыруға деген бастамаларға қолдау білдірді. Демократиялық үрдістерді орнықтыруға, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бұл өзгерістердің Мәртөк ауданы үшін де маңызы зор болмақ.

 

Құрметті жерлестер!

Осындай айтулы мерекеде еліміздің тыныштығын, халқымыздың береке-бірлігін тілеймін. Әр шаңыраққа бақ дарып, ырыс ұяласын!

Республика күні құтты болсын!