Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақовтың Жаңа жылмен құттықтауы

Құрметті Мәртөк ауданының

тұрғындары мен қонақтары!

 

Бірлік пен бейбітшілік, ырыс пен бақ-береке сыйлаған ескі жылымызбен қоштасып, санаулы күндерден кейін жаңа жылымызбен қауышамыз.

2023 жыл барлығымыз үшін айрықша маңызды, жағымды жаңалықтар мен жақсылыққа толы болды.

Аудан тұрғындары үшін бірқатар шаралар ұйымдастырып, жазғы маусымның жоғары деңгейде өтуіне назар аударылды. Ауданымыздың Қаратаусай, Байторысай және Қарабұлақ ауылдары газдандырылып, аудан тұрғындарының көгілдір отынмен қамтылу көрсеткіші – 86,7 %-ға жетті. Қаратоғай ауылында мәдени ошақ бой көтеріп, Родников ауылында спорт кешені ашылды. Бірқатар ауылдардың ауылішілік көшелері асфальттанды.

Алдағы жылға да бітқатар даму жоспарымыз бар және оны орындауға деген бағдарымыз айқын.

 

Құрметті жерлестер!

Табалдырығымыздан аттағалы тұрған Ұлу жылы толағай табысы мен ырзық-несібесін сыйлап, әрбір шаңыраққа құт-береке әкелсін. Жаңа жыл барлығымызғабереке-бірлік әкелсін!

Жаңа жыл құтты болсын!