ШЫРША, ТАҢҒАЖАЙЫП ЕРТЕГІ ЖӘНЕ СЫЙЛЫҚТАР

Жылдағы дәстүр бойынша аудан әкімінің бүлдіршіндерге арналған жаңа жылдық шыршасы өтті. Балалардың қуанышына аудан әкімі Медет Жұмабайұлы арнайы қатысып, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

 

Аяз ата мен Ақшақарды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алған балалар ән-жырдан шашу шашып, би билеп, өнерлерін ортаға салды.

Балалар асыға күткен жаңа жылдық мерекеде жасыл шырша жанына жиналған ертегі кейіпкерлері ғажайыпқа толы «Бақыт іздеген теке» атты ғажайыпқа толы ертегі қойылымын көрсетті.

Мерекелік кеште өзінің зеректілігімен, дарындылығымен ерекше көзге түсіп, жетістіктерге жеткені үшін Жанайым Закрадин, Ерсұлтан Аманжолов, Самал Қыдырбаева, Аян Аманов, Даниил Бруг, Ақерке Жеделбаева, Евгений Арстанов, Валерия Аскарова, Ерсұлтан Жұмашев және Айназ Ділмашоваларға аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Жаңалық пен жұмбаққа толы таңғажайып мерекелік шара соңында балаларға сыйлықтар үлестірілді.