«Мәртөк Clean»: Жастар тазалық үшін бірікті

 

2025 жылдың 24 сәуірінде Мәртөк ауданының 90 жылдығы және Мәртөк ауылының 120 жылдығы аясында «Игі істер эстафетасы» шеңберінде ерекше экологиялық шара – «Мәртөк Clean» тазалық эстафетасы өтті.

Бұл игі бастама аудан жастарының азаматтық белсенділігін арттыруға және қоршаған ортаны қорғау мәселесіне назар аударуға бағытталды.

Іс-шара Мәртөк аудандық жастар ресурстық орталығының  ұйымдастырылуымен өткізіліп, ауданның волонтерлық тобының құрамындағы 60-тан астам ерікті жас қатысты.

Эстафетаның басты мақсаты – жастар арасында патриоттық сезімді, экологиялық мәдениетті және қоғамдық жауапкершілікті дамыту болды.

Шара барысында ерікті жастар бірлесе отырып, 300  қапшықтан астам қоқыс жинады, осылайша туған ауылдарының тазалығына өз үлестерін қосты.

 

Ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндай акциялар жастардың бірлігін арттырып, экологиялық бастамаларға деген қызығушылықтарын оятады. Алдағы уақытта да мұндай еріктілік акциялары дәстүрлі түрде жалғасын табатын болады.