МЕКТЕП ЛИГАСЫ

Хлебодаровка ЖОББМ 50 жылдығына орай жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбындағы 9-11 класстар аралығында мектеп лигасы өтті.

Жарыс Хлебодаровка орта мектебінде өтті.

Қатысқан команда: Хлебодаровка ЖОББМ, Саржансай ЖОББМ, Каратоғай ЖОББМ, Қызылжар ЖОББМ, Мәртөк 4 ЖОББМ, Мәртөк 3 ЖОББМ. Жалпы 24 окушы қатысты.

Ашылу салтанатында мектептің тәрбие жөніндегі меңгерушіге Ибраймов А.Б. сөз берілді,  Мәртөк дене шынықтыру әдіскері Кузембаев Б.А. сөз берілді. Және жарыс төреші сөз сөйлеп оқушыларға жеңіс тіледі.

Жарыс айналмалы жүйемен ойнатылды.

Жарыс жабылу салтанатында Мәртөк дене шынықтыру әдіскері Кузембаев Б.А. оқушыларды    кубогпен, медальмен және грамотамен марапаттады. 1 орын Хлебодаровка ЖОББМ,  2 орын Қызылжар ЖОББМ, 3 орын Қаратоғай ЖОББМ жеңіп алды. Жарыс жоғары дәрежеде өтті. Бірінші орын алған Хлебодаровка мектеп командасы облысқа жолдама алды. Жетекшісі: Бараков. М.Б.

Кузембаев Б.А.,

Аудандық білім бөлімінің әдіскері