МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ — ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШІ

«Қазақстан-2050″ Стратегиясында» мемлекеттік қызмет көрсету — елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші»деп атап көрсетілген. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және осы саланы дамытуға ерекше назар аудару қажет. Осыған байланысты» Мәртөк ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты » ММ арқылы 5 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

2) «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру»

3) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу»

4) «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»

5) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігін арттыру және Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады. Осыған байланысты, ағымдағы жылдан бастап аудандағы қызмет электрондық түрде жүзеге асырылады. Яғни, бұл мемлекеттік қызметті алушы «электрондық үкімет» порталы арқылы қызметті алған кезде одан қосымша құжаттарды сұрату туралы мәселе туындамайды, сондай-ақ Қызмет көрсету мерзімдері сақталады және азаматтардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысы жойылады дегенді білдіреді. Бұл қызмет көрсету кезінде толық ашықтықты қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, бөлімде Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен өтініш үлгілері бар стенд жаңартылып, қайта ілінді. Мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне сәйкес жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін; мекеме Қызылжар ауылы, Абай Құнанбаев көшесі №8 үй мекенжайы бойынша орналасқан. Сенім телефоны 8/71331/24454.

Б. Кенжебаев.

«Мәртөк ауданы Қызылжар ауылдық округі  әкімінің аппараты» ММ, бас маман .