МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ МӘРТӨК АУДАНЫ САРЖАНСАЙ АУЫЛЫНДАҒЫ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН танысудан басталды
![](https://martok-tynysy.kz/wp-content/uploads/2024/02/dedeb1ba4fea0e858d79e6068f33b959_1280x720-780x470-1.jpg)
Бұл нысанның жалпы аумағы 1048 шаршы метрді құрайды. Мұнда спорттың бірнеше түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді.
Қасым-Жомарт Тоқаев еркін күрес залы мен шағын футбол алаңын аралап көрді.
Президент спорт кешенінде жас спортшылармен кездесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев спортпен шұғылданудың маңыздылығына назар аударды. Спорт адамның көзқарасын түзейді. Әсіресе жастарға күш-жігер береді.
Мемлекет басшысы футболға қолдау көрсетілетініне тоқталып, аталған спорт түрінің болашағына сеніммен қарайтынын жеткізді.