АӘД ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІ ӨЗАРА САЙЫСҚА ТҮСТІ

Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес №2 Мәртөк мектеп-гимназиясында Мәртөк ауданының АӘжТД пәні мұғалімдерінің арасында пневматикалық мылтықтан нысана көздеп ату және Калашников автоматын бөлшектеу мен жинақтау жарысы өткізілді.

Ашылу салтанатынада аудандық білім бөлімінің дене шынықтыру және АӘжТД әдіскері Б.А.Кузембаев сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа 16 АӘД пәні мұғалімдері қатысты. Нәтижесінде жеңіске жеткен пән мұғалімдері кубок, медальдармен және грамоталармен марапатталды. Пневматикалық мылтықтан ату бойынша: 1 орын Ж.Б.Амантурлиев, Кеңсахара ЖОББМ, 2 орын А.С.Есеев, Родниковка ЖОББМ, 3 орын С.В.Ковалёв, Аққайың ЖОББМ. Калашников автоматын бөлшектеу бойынша: 1 орын С.А.Абдрахманов, 2ММГ, 2 орын Қ.С.Альжанов, 3 ЖОББМ, 3 орын А.Қ.Шудабаев 4 ЖОББМ.

Б.А.Кузембаев,

аудандық білім бөлімінің әдіскері.