МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі болып әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары:

— көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;

— мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

— мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;

— мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

— мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;

— мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.

«Мәртөк ауданының Аққұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі арқылы көрсетілетін  мемлекеттік қызметтер:

1.»Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі  13 (он үш) жұмыс күні ішінде, тегін,  «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.

2.»Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметінбірінші кезеңі 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні, екінші кезеңі  18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде,ақылы , «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.

  1. «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметінің біріншікезеңі 12 (он екі) жұмыс күні ішінде, екінші кезеңі бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, тегін, «Электрондық үкіметтің» веб-порталы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі.

4.»Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге  сату» мемлекеттік қызметі 5 (бес) жұмыс күн ішінде, тегін, «Электрондық үкіметтің» веб-порталы  және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі.

  1. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметі 20 (жиырма) минут ішінде, тегін, «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады

«Мәртөк ауданының Аққұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары,стандарттары  мен өтініш үлгілері көрсетілген стенд ілінген. Мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне сәйкес жұмыс графигі дүйсенбі мен жұма күндері аралығында 9.00-ден- 12.30- ға дейін 14.00-ден – 18.30-ға дейін; Мекеме Вознесеновка ауылы, Б.Момышұлы көшесі № 14 үй мекенжайында орналасқан. Сенім телефоны 8/71331/24119.

Г. Казтуганова,

«Мәртөк ауданының Аққұдық ауылдық округі  әкімінің аппараты» ММ, бас маман.