«Жайсаң көпсалалы колледжі» КММ-де жүргізілген аудит нәтижелері

Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің хатымен келіп түскен өтініш бойынша «Жайсаң көпсалалы колледжі» КММ-де  ҚР-ның заңнамасына сәйкестігіне аудиторлық тексеру жүргізілді.

Бюджет қаражатын пайдаланудың негізділігіне аудиторлық тексеру жүргізу барысында бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95 «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің» 97-бабы 6-тармағының талаптары бұзылып жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес, тауарлардың берілуін растаудың дұрыстығы қамтамасыз етілмеуіне байланысты «Нұроптторг» ЖШС-не 7 045,9 мың теңге, «Ыссык и К» ЖШС-не 92,6 мың теңге, «Тыныштыкова» ЖК-не 52,9 мың теңге, «Мәртөк сүт» ЖШС-не 17,5 мың теңге, барлығы 7 208,9 мың теңге  артық аударылғаны анықталды.

Департаментпен анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау және 7 208,9 мың теңгені бюджетке қайтару туралы нұсқама жіберілген болатын. Алайда, «Жайсан көпсалалы колледжі» КММ-ден 2023 жылы жоспарлы қаржыны азайту жолымен 7 208,9 мың теңгенің қалпына келтірілгені туралы жауап алынды.

Аталған соманың бюджетке өндірілмеуіне байланысты, аудит материалдары анықталған заң бұзушылықтар бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жолданды.

Берілген нұсқаманы тиісті түрде орындамағаны үшін  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабына сәйкес  лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Қарылғаш Койшибаева,

Департаменттің қаржылық

есептілік аудиті бөлімінің басшысы.