Мемлекеттік рәміздер – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыратын маңызды тәрбие құралы

Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының 11-бабында мемлекеттік рәміздердің мәртебесі айқын көрсетілген. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран – еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін және егемендігін айшықтайтын қасиетті құндылықтар.
Мемлекеттік рәміздер – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, елге деген сүйіспеншілікті, жауапкершілікті қалыптастыратын маңызды тәрбие құралы. Мектеп қабырғасында рәміздерді құрметтеу – азаматтық тәрбиенің негізі.
Рәміздердің сипаттамасы мен пайдалану тәртібінің конституциялық заңмен бекітілуі – олардың жоғары мәртебесін көрсетеді. Бұл әрбір азаматтың, әсіресе жас буынның, мемлекеттік нышандарды құрметтеуін және заң талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді.
Сондықтан 11-бап – ұлттық бірегейлікті нығайтатын, елдік рухты көтеретін маңызды конституциялық норма деп санаймын.
Тулемесов Ермек




