Менің әжем осындай!
Көрісу күні Наурыз мейрамының бастауы деуге де болады. Адамның адаммен, жылдың жылмен көрісіп, қауышқан шағы бұл. Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиген шақ. Наурыз — жаңару мейрамы. Хакім Абайдың өзі «Қырдағы ел, ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, мауқын басқан.
Бұл дәстүрдің тарихына үңілетін болсақ, ертеректе көшпенді өмір сүрген ата-бабаларымыздың қыс айларында бір-бірімен көрісе алмай, көктем шығып, күн жылына бастағанда сағынысып, амандық-саулық сұрасуы дәстүр ретінде сақталып қалса керек
Яғни, «Амал мерекесі» мен «Наурыз мерекесі» дегеннің ешқандай айырмасы жоқ. 14 наурыз қазақта көрісу күні, амал мерекесі. «Бір жасың құтты болсын!», «Амал мерекесі құтты болсын!» деп бірін-бірі құттықтайды. Бұл күні ең алдымен әулеттің үлкендеріне барып, сәлем беріп көрісіп жатады.
Осы орайды, «Амал күні» қарсаңында Гүлмира Тәжібайдың ұйымдастыруымен Сарыжар ауылдық Мәдениет үйінде «Менің әжем осындай!» атты байқау болып өтті.
Байқаудың мақсаты: өз отбасына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ояту, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу. Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру.
Шара барысында алдымен «Назар» би ансамбльнің орындауында «Әжемнің сандығы» биі, Гүлзейнеп Тойланның орындауында «Атам әжем» әні тамашаланды.
Мұнда әділқазылар, ата-әжелер клубның белсенді әжесі Мыңбике әже, ата- әжелер клубның мүшесі Әділ ата және ата-әжелер клубның мүшесі Қапаш ата болды.
Сайысқа Түймеш әже, Гүлбаршын әже, Рабиға әже мен Аманбике әжелер қатысты.
Әжелер өз-өзін және отбасын таныстыру; өнер сайысы; сұрақ — жауап сайысы; ұлттық тағам деп аталған бірнеше бөлімдерде өзара бағын сынады.
Байқау өз мәресіне жетіп, қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Онда, «Өнерпаз әже» — Гүбаршын әже, «Шебер әже» — Рабиға әже атанса, «Аспаз әже» — Аманбике әже, ал «Өнегелі әже» Түймеш әже атанды.