Мобильді қоғамдық қабылдау
Мәртөк ауданына қарасты Байнассай ауылдық округінің орталығы мен Ақмоласай елді мекенінде «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы өтті.
Партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихаттың депутаты Ануар Искарин бастаған жұмыс тобында Мәртөк аудандық жер қатынастар бөлімінің бас маманы Еркін Нұрыбаев, «Мәртөк-Сервис» МКҚК директоры Артем Циммерман, аудандық ветеринария стансасының бас маманы Тілеген Шакимов болды.
Жергілікті тұрғындар ауылдағы байланыс және интернет, ауызсу мәселесін, көмір бағасының қымбаттап жатқандығын, ауыл маңындағы жайлымдық жерлердің аздығын көтерді. Тұрғындарды жеке-жеке қабылдаған жұмыс тобы аталған мәселелерді назарға алып, өз саласы бойынша жұмыстанатындығын түсіндірді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары Ақмоласай ауылы ішіндегі бірқатар шаруа қожалықтары санитарлық тазалықты сақтамай отырғандығы жайында наразылықтарын білдірді. Аталған мәселе бойынша партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы шаруақожалықтарды жекелей аралап, олармен кездесіп жуық арада кемшіліктерді жоюды және талапты орындамаған жағдайда шаруа иелеріне аудандық полиция бөлімі арқылы шара қолданылатындығын ескертті.