Наурыз мерекесі «Зәруде»

21 наурыз күні «Зәру» сауықтыру шипажайында наурыз мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті.
Мәдениет үйі мен «Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен кеш емделушілерге арналды.
Іс-шарада ақ жаулықты аналарымыз «Құйрықботқа» салт-дәстүрін көрсетіп, әннен шашу шашып концерт қойды.
Ауылдың үлкені бата беріп, Бану Жұбанғалиқызы қонақтарға естелік сыйлықтар таратты.